«Аktobe— jazz— 2011»

10 қазан 2011

Ақтөбе облыстық филармониясының өткізетін дәстүрлі фестивалі. Қазан айының 7-8 жұлдызында Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өтеді.

Фестиваль құрылтайшылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы.

Мақсаттары мен міндеттері — Қазақстанның облыстары мен аймақтарындағы және жақын — алыс шет елдердегі джаз ұжымдарының бір-бірімен байланыс жасауына себеп болу және тәжірибе алмасу, жас орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылығының дамуына және жастарды рухани жағынан тәрбиелеуге қолдау көрсету, кәсіби шеберліктері мен және көркемдік талғамдарын жетілдіру, джаздың екпіні, ырғағы, стилі арқылы қазақтың және шығыстың музыкалық мәдениетін насихаттау, джаз орындаушыларының шығармашылығына демеу көрсету, ең үздік джаз классикалық музыкасына және оның осы заманғы ағымдарындағы ізденіс пен жаңашылдыққа тыңдармандардың назарын аудару.

Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония сахнасында қазылар алқасының және көрермендердің назарына Астана, Алматы, Нью-Йорк, Мәскеу, Ташкент, Бішкек, Уфа, Тольятти, Ақтөбе қалаларының ұжымдары өз өнерлерін ұсынады.


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа