Өзбекәлі Жәнібековке 80 жыл

18 қазан 2011

Тәуелсіздік сарайындағы қолданбалы өнер және этнография галереясында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, өнер зерттеушісі, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың 80 жылдығына орайластырылған «Қазақ музейінің жанашырлары» тақырыбында көрме ашылды.

Өзағаң өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары қазақ өнерінің, тарихының, рухани дүниесінің қайта жаңғыруына айрықша үлес қосқан айтулы тұлға. Көрнекті қайраткер еліміз бойынша қазақ халқының даңқты перзенттерінің мұражайларын ашуға, ұлттық театрлар мен саз аспапты фольклорлық ансамбльдердің құрылуына ерекше үлес қосты. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге де мұрындық болған азамат. Өзбекәлі Жәнібековтың ісін қазір артында қалған шәкірттері жалғастырып келеді. Мұражайларға, көне мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге өте көп көңіл бөлген ардақты ағамыз турасында, көрмеге келген жұртшылықтың кеңінен білуіне мүмкіндігі бар.

Тілеукеш ЖАУБАСОВА, ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Мінеки, алдарыңызда тұрған шағын көрмеде, Өзекеңнің нұсқауымен жасалған қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер және тағы басқа бұйымдарды көре алады келген қонақтар. Әсіресе, бұл кісі этнографияға қатты көңіл бөлген. Қазір елімізге, дүние жүзіне танылып жүрген «Сазген» этнографиялық ансамблі, Алтынай, Арқас, Шертер секілді халықтық ансамбльдер осы кісінің көмегімен дүниеге келді.


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа