«Сазген сазы» мерекелік концерт қойды

29 наурыз 2012

Халықаралық әйелдер мерекесінің құрметіне Алматы қаласы әкімінің «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі наурыздың 5 жұлдызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің үлкен акт залында мерекелік концерт берді.

Ансамбль қазақтың көне аспаптарын пайдаланады, олар: сыбызға, жетіген, саз сырнай, шертер, адырна, сазген, нар қобыз, шартылдақ, сақпан, аса таяқ, тұяқ тас, қоңырау, дабыл, даңғыра т.б. Репертуарын халық шығармаларынан, халықтық-кәсіпқой композиторлар туындыларынан, сонымен қатар заманауи шығармалардан ұтымды құрай білген ансамбль концертін жұртшылық сүйсіне қабылдады.

Қазақтың ұлттық өнерінің тұғырын биік ұстап жүрген «Сазген сазы» ансамблі өнер сүйер қауымның шын ризашылығына, қошеметіне бөленді. Ансамбльдің продюсері әрі көркемдік жетекшісі Бағдат Тілегеновке, дирижері, ҚР мәдениет қайраткері Ықылас Нұрғалиевке, ансамбль ұжымына концерт соңынан университет ұжымының атынан ректордың рахмет гүлі табыс етілді.

 

http://kazmkpu.k


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа