Елбасы көшпелілер өркениетіне көз жүгіртті

23 шілде 2012

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы таяу-да «Хан Шатыр» СОО жанындағы «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі-нің алаңын аралап көрді. Фестиваль-дің ашылуы қарсаңында оның бірегей экспозицияларымен Халықаралық Көрмелер Бюросының (ХКБ) делегаттары танысты.

Олар Қазақстанның EXPO 2017 өткізу құқығы үшін сайлауалды күресі шеңберінде Тәуелсіздік Сарайында өткен «Болашақ энергиясы. Планетаның орнықты дамуы» тақырыбы бойынша халықаралық симпозиумға қатысу үшін Астанаға келген болатын. Қонақтарға бұл күні фестиваль бағдарламасының жекелеген нөмірлері: М.Жұмағалиевтің «Арлан» костюм театры мен «Алтынай» би ұжымының fashion-шоуы, «Ат жалында» шоуы, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты концерті көрсетілді. Алғаш рет елорданың 10 жылдығында 2008 жылы ұйымдастырылған «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі халықтың үлкен қызығушылығына ие болып, мереке күндері мыңдаған тұрғындар жиналатын орынға айналды.

Сондықтан ұйымдастырушылар оны жыл сайын өткізу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгінгі таңда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» - фестиваль түрінде өткізілетін көшпелілер өркениетіне арналған әлемдегі жалғыз іс-шара. Көшпелілер өркениеті фестивалінде көрермендер назарына алғаш рет «Көшпелі-жылқы өркение-ті» ландшафты көрінісі ұсыныла-ды. Экспозицияда Қазақстандағы жылқы шаруашылығының дамуынан мәлімет беретін мұражайлардан алынған үзеңгі, тебінгі және т.б. ат-әбзелдері шығарылады.

Жылдың маңыздылығын, Астананың түркі әлемінің елордасы мәртебесін ескере отырып, ұйымдастырушылар Көшпелілер өркениеті фестивалі шеңберінде көрмелер мен экспозициялар географиясын кеңейте түскен. Көшпелі қала шекарасында түркі тілдес елдерден келген қатысушы меймандардың концерттері өтеді. Биылғы жылы Фестивальдің тағы бір дәстүрге айналып үлгерген жобалардың бірі — «Астана-арқау» жобасымен жолдары түйіседі. Мереке күндері «Астана-арқау» жобасының қатысушылары Көшпелілер өркени-еті фестивалінің сахнасында өнер көрсетеді. Ал көшпелі қаланың көшелерінде қатысушы елдердің мәдени әр алуандығын тамашалауға болады. Соның ішінде мылтықшы, тоқымашы, аңшы, зергерлердің киіз үйлері орнатылады. Осы жерде қымыз өндірушілердің кішігірім байқауы өтеді. Олар қымызды баптаудың тәсілдерімен бөлісіп қана қоймай, қонақтарға сусыннан дәм татқызады. Фестивальде түркі әлемінің музыкасына ерекше орын берілген.

Жоба аясында келесі жанрлар бойынша концерттер өткізіледі: қазақтың дәстүрлі әндері, түркі халықтарының дәстүрлі әуендері (сыбызғы, дабыл, домбыра және т.б.). Сондай-ақ жұмбақ айтыс, қайым-айтыс және басқа да айтыс өнерінің түрлерінен сайыстар өткізіледі. Жылқының құлағында ойнайтын серілердің «Ат жалында» шоуы фестивальдің ең қызықты шараларының бірі болмақ. Фестиваль мерекелік отшашумен аяқталады.

 

http://kazakzaman.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа