Консерватория «Наурыз – думанға» шақырады

1 сәуір 2013

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Наурыз – думан» атты мерекелік концертке шақырады. Кештің бағдарламасы ұлттық музыканың кесек туындыларынан тұрады.

Консерваторияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні – жыл басы – Наурыз мейрамына арналған кон­церт сәуірдің 12-сі күні Үлкен залда сағат 19:00-де басталады. Бағдарламада қазақ­тың дәстүрлі халықтық музыкасы мен қазіргі заманғы қазақ композиторларының шығар­малары орындалады. Кеште домбырашылар ансамблі, «Меруерт» қобызшылар ансамблі және Қазақ халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді. Музыкалық ұжымдарға белгілі домбырашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Жүдебаев дирижерлік етеді.

thenews.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа