«Жапон көктемі» фестивалі өтті

15 сәуір 2013

Елордада сакура гүлдеп, бұлбұлдар шырқады. Нағыз жапондық көктемнің лебі есті. Жылдың осы бір мезгіліне арналған дәстүрлі өнер фестивалі осымен 3 жыл қатарынан өтіп отыр. 

Бүгін күншығыс елінің танымал джаз триосының концертінен басталған өнер шарасы Қазақ ұлттық университетінде отандық және жапондық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін думанды кешпен жалғаспақ. Бағдарламада еуропалық, қазақстандық және жапондық авторлардың шығармалары бар. Жоба білім беру мақсатын да көздейді.

Музыканттар Қазақ ұлттық өнер университетінде студенттермен өздерінің тәжірибесімен және шеберліктермен бөлісті. 2011 жылы басталған фестиваль жыл сайын көрермендердің зор ықыласын туғызып келеді. Осыған дейін Алматы мен Астанада өткен «Жапон көктемі» және «Жапон күзі» өнер шарасына 4 мыңнан астам қазақстандық көрермен қатысқан.

www.24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа