Домбырашылар фестивалі мәресіне жетті

22 шілде 2013

Оралда күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған домбырашылар фестивалі аяқталды.

Байқауға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан барлығы 20 домбырашы қатысты. 3 бөлімнен тұрған дүбірлі додада олар алдымен жекелей, кейін оркестрдің сүйемелдеуімен өзге де авторлардың шығармаларын орындады. Байқау нәтижесінде қазылар құрамы бас жүлдеге оралдық жас дарын Ақылбек Бектасовты лайық деп таныды.

Ақылбек БЕКТАСОВ, байқаудың бас жүлдегері:

- Күйлер мен үшін күрделі болды. Дегенмен, мен бұрын да республикалық конкурстарға қатысып лауреат атанып жүрдім. Бірақ сонда да бұл күйлердің өзгешеліктері болды. Күй балаға дарыған кезде өскен сайын темпті зырылдатып келіп, ойнаған сайын, жас үлкейген сайын күйдің де мағынасын өзгеше түсіне бастайды.    

Еркін НҰРЫМБЕТОВ, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері

- Біздің байқауымыз аймақтық болғанымен, талабы республикалық деңгейде өтті. Сондықтан осы қатысқан 20 үміткердің бәрі де өздерін жақсы қырынан көрсетті. Алдағы уақытта осы балалардың үлкен ұжымдар қатарында немесе жеке орындаушы ретінде Қазақстанның домбырашылық мектебіне, домбырашылық өнеріне өздерінің мамандар екендігін көрсетеді деп ойлаймын.

24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа