Көрермендерді көлеңкелі театр қойылымы таңдандырды

5 тамыз 2013

Атырауда өнер сүйер қауым үшін ерекше сурет көрмесі өтті.

Бұл көрме түнде ашық аспан астында ұйымдастырылды. Әуесқой актерлердің көлеңкелі театр қойылымымен ашылған мәдени шараға еліміздің батыс аймағындағы 4 облыстың қылқалам шеберлері қатысты. Келушінің көппшілігі түн шымылдығын түрген қуатты шамдардың жарығы астындағы сурет көрмесін алғаш рет тамашалауда. Өйткені мұндай ерекше әсер беретін кештер күнде бола бермесі анық. Қараңғы түнде өнер көрсеткен көлекеңкелі театрдың қойылымы да мәдени  шараның шырайын келтірді. Әртістердің дені талапкер жастар болғанымен, көрсеткен өнерлеріне көрермен қауым үлкен ризашылық білдірді.

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бізге мұндай шаралар керек. Өркениеттен алыста тұрамыз. Жастар, жалпы халық өнердің түр-түрін білуі тиіс.

Екі бөлімнен құралған көрмеге түрлі жанрда өрбіген жүзден астам еңбек қойылды. Аса қуатты шамдардың жарығымен мың құбылған суреттер көрермендерді ғана емес, шығарма авторларының өздерін де таң-тамаша қалдырды.

Владимир АРАЛБАЕВ, суретші:

- Жарықты жапқан көрермендердің көлеңкесін суретке түсіргенде қызық бір көріністер пайда болады екен. Соның өзі туындыға басқаша бір рең беріп тұр. Мен осы жасыма дейін мұндай тамашаны байқамаппын.

Осы жолғы көрменің үздіктері қазан айында өтетін республикалық ақтық сынға жолдама алады. Ал ең озық туынды иесі саф алтыннан құйылған «Алтын қайық» мүсіні мен 1 млн. теңгені қанжығасына байламақ.

Авторлар: Бекен Әлирахым, Әзілхан Мәтенов, Амантай Мәтенов

www.24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа