Дәстүрлі ретро фестиваль өтті

19 тамыз 2013

Шымкентте дәстүрлі «Арыс жағасында» атты ретро фестиваль өтті.

Онда 80 жылдары сәнге айналған, әсем сазы мен сөзі талай жүректердің төрінен орын алған әндер шырқалды. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль қазақтың белгілі өнер қайраткерлері Мұхтар Шаханов, Исрайыл Сапарбай, Сүгірәлі Сапаралиев, Сапарбек Медеубеков, Әшірхан Телғозиевтердің шығармаларына арналды. Шара аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақтың саңлақ сазгерлері» атты көрме ұйымдастырылды. Компазиторлар тыңдармандарымен кездесіп, ой бөлісті. Сондай-ақ әні дархан елдің  әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты обылыстық ән байқауы бастау алды. Ұлы сазгердің есімімен аталатын гүлзарда өткен «Арыс жағасында» IV ретро фестивальде бес сазгердің қаламынан туындаған халық сүйіп тыңдайтын және көп шырқалатын 40-қа жуық ән орындалды. Таңдаулы әндерді облыстан шыққан өнер жұлдыздары мен жас әншілер шырқады.

Исрайыл САПАРБАЙ, ақын, сазгер:

- Халық әндерінің бүгінгі жалғасы болуы керек. Кейбір жастар көбінесе радио, теледидарда әнге реформа жасаймыз деген сияқты нашар ұғымдар қалыптасқан. Мәтіні мәнсіз,әуені әрсіз әндер көбейіп бара жатыр. Ол тасқынға қарсы тосқын керек. Бүгінгі шара соған аз да болса тосқын болады деп есептеймін.

Құрманбек ШОЙЫНБАЕВ, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Біз кезінде бір ғана баянмен немесе оркестрмен айтатын едік. Ол кезде дыбыс күшейтетін  аппартуралар болған жоқ. Біз жанды дауыспен айтып келгенбіз. Бұрынғы сазгердің, ақынның мәтіндерін  елдің аузында қалай айтылып келе жатса, солай қалдыру керек.

www.24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа