Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндері: Үрімшіде ҚР өнер шеберлерінің концерті сәтті өтті

11 қараша 2013

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының Үрімші қаласында Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндері аясындағы ҚР өнер шеберлерінің концерті жоғары деңгейде өтті.

Халық алдында сөз сөйлеген ҚХР-дағы ҚР елшісі Нұрлан Ермекбаев қонақтарды Қытайдағы Қазақстанның мәдениет күндерінің ашылуымен құттықтады. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы димпломатиялық қарым-қатынастар орнаған сәттен бері мұндай ауқымды шара болып көрмегенін атап өтті. Бейжіңде сейсенбі, 5 қараша күні Қытайдың Мемлекеттік үлкен театрында біздің әртістердің гала-концерті өтті. Он күн бойы Қытайдың Ұлттық мұражайында «Қазақстан қазынасы» атты көрме өтеді. Сондай-ақ, Бейжің мен Шанхайда «Астана балет» хореографиялық ұжымының жеке көнцерті беріледі.

Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, «Орда » тобы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Ниязова, Айгүл Қосанова, Андрей Трегубенко, Нұркен Әшіров, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары - Арман Жүдебаев, Нұржан Бажекенов, Ерболат Ахмедьяров, Салтанат Ахметова, Әсем Сембина, Олег Татамиров пен өзге де өнер майталмандары қатысты.

Концерт бағдарламасында қазақ халқының дәстүрлі музыкасы мен қазақ композиторларының шығармалары орындалды.

Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Қазақастанның Қытайдағы мәдениет күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы ҚХР-ға жасаған сапары барысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында өткізілуде.

Келесі жылы ҚХР Қазақстанда Қытайдың мәдениет күндерін өткізеді.

inform.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа