Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанада көптеген мәдени шаралар өтеді

9 желтоқсан 2013

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай елордада мәдениет ұйымдары Астана тұрғындары мен қонақтарына көптеген  шараларды тарту етпек.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында  Д.Рамазанның "Абылай ханның арманы" тарихи драмасы, Ш.Мұртазаның "Бір кем дүние" драмасы, Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің "Қыздарай" музыкалық комедиясы", Ш.Айтматовтың "Ақ кеме" драмасы қойылады.

Конгресс-Холлда "Жаңа жылдық сыйлықтар көрмесі" және "Әзіл әлемі" шоу концерті ұсынылады. "Жастар" сарайында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жастар фестивалу өтеді. Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақстанның табиғаты" көрмесі, Астана, Алматы және Қарағанды қаалары суретшілерінің көрмесі, суретші Қырым Алтынбековтің жеке көрмесі, Таймас Мұқашевтің зергерлік бұйыдмдар көрмесі ашылады. Назарбаев орталығында" "Елім менің концерті өтеді. Ал "Қазақстан" Орталық концерт залында "ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік концерт, "МузАрт" тобының концерті болмақ.

inform.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа