Қазақ-неміс мәдени ынтымақтастығы дамуда

31 наурыз 2014

Наурызмейрамын Германия да атап өтті.

Мереке қарсаңында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі Берлин қаласындағы Өнер университетінде концерттік бағдарлама қойды. Өнерпаздар халықтық және әлемдік 30-дан астам туындыны орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Кеш соңында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ мәдениетімен етене танысу мүмкіндігінеиеболды. Германияның қоғамдық-саяси және іскер топтары,Берлиннің муниципалдық мекемелерінің басшылығы қатысқан шарада Қазақстанның Германиядағы елшісі құттықтап,сөз сөйледі.

Нұрлан Онжанов, Қазақстанның Германиядағы елшісі:

- Қазақстанда туып-өсіп, кейіннен осында көшіп келген неміс азаматтарының барлығы рахметін айтып жатыр. Германияның төрінде атыраулық өнерпаздарды ыстық ықыласпен қабылдады.

Матиас Дорнфельдт, сарапшы:

- Атырау облысынан келген шығармашылық ұжымның қойған концертін жоғары бағалаймын. Бұл кештен жақсы әсер алдым. Әсіресе өнерпаздардың ұлттық аспапта ойнауы мені тәнті етті. Қазақ елі одан әрі дамып, гүлдене берсін.

24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа