Қазақтың дарынды дирижері Алан Бөрібаев Берлинде өнер көрсетті

8 сәуір 2014

Ол Ресейдің Үлкен театрының симфониялық оркестріне дирижерлік етіп, көрермендер назарына танымал туындыларды ұсынды.

Берлинде басталған турне Швейцария және Австрияның 9 қаласында жалғасын таппақ. Алан Бөрібаев Лондон филармониясы,  Роттердам филармониялық және Токио симфониялық оркестрлерінде дирижерлік қызмет атқарған. Бүгінде Нидерландыдағы Брабант оркестрінде еңбек етеді. Ол Германияда алғаш рет қойылған Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың «Абай» операсына дирижерлік еткен. Бұл жолғы концерт те неміс жұртшылығын өнер әлеміне баурап, ерекше қуанышқа бөледі.

Алан Бөрібаев, дирижер:

- Ресейдің Үлкен театрымен достық қатынас орнағалы бірнеше жыл болды. Осыған дейін Англия, Шотландия, Израиль елдерінде өнер көрсеттік. Дәстүрге айналып келе жатқан концерттер өнерсүйер қауымның ерекше күтетін кеші десем де болады. Сондықтан әрдайым әлемге танымал, мазмұны зор шығармаларды ойнаймыз. Бастысы,көрерменнің көңілінен шығу.

24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа