Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік кеш өтпек

2 маусым 2014

Мемлекеттік рәміздер — мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытты.

Ұрпағына "Туың жығылмасын" деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі. Алмағайып күн туғанда, ұлы бабалар дабыл қағып, Ту көтерген. Елім деген ерлер, қашанда Ту түбіне жиналған. Жауға тойтарыс берген. Қуанышта да осылай болған. Көк байрақ көтерілген жерден мерекенің мерейі үстем болған. Сол себепті мерекелік шара атауы да - "Көк тудың желбірегені!"

"Көк тудың желбірегені" әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторлары да шетелден келген қандастар.

Сол себепті Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығында өтетін Рәміздер күніне арналған "Көк тудың желбірегені!" мерекелік шараның қонақтары шетелдерден келген қандастар болмақ. Отанның, оның мемлекеттік рәміздерінің қадір-қасиетін шет жүрген қандастардай ешкім сезіне алмас.

Ұйымдастырылатын Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты да - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын, олардың мағынасы мен әрбір азаматтың өміріндегі маңызын түсіндіру болып табылады. Бағдарламада: ҚР әнұранын тыңдау, ҚР рәміздері туралы фильм, танымдық слайдтар, кеш қонақтарымен сұхбат, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама, Мемлекеттік рәміздер туралы ақын-авторлардың өлеңдері.

Өтетін уақыты : 2014 жылғы 29 мамыр, сағат 15-00-де. Өтетін орны: "ХҚКО" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, (Жандосов көшесі 51, Алтынсарин көшесімен қилысында) Институттың акт залында. Ұйымдастырушылар: "ХҚКО" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасы, "Нұр Отан" партиясы, Халықаралық "Жанашыр" қоры.

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/315680.html


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа