Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің тұсауы кесілді

22 қыркүйек 2014

Елордадағы «Астана Опера» театрында халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің тұсауы кесілді. Алғашқы шараның шымылдығы «Ласкала» театрының «Тоска» операсымен ашылды. Қойылымның бас кейіпкерлерін итальяндық жұлдыздар Aнна Пироззи, Maссимо Гиордано және Альберто Газале сынды сахна саңлақтары сомдады.

Бесінші қазанға дейін өтетін шарада Астана тұрғындары мен қонақтары Италия, Франция, Қытай, Ресей және еліміздің опера және балет жұлдыздарының өнерін тамашалай алады. Жиырма күн ішінде әлемге әйгілі 14 қойылым сахналанбақ.

«Біржан-Сара» операсы және «Ромео мен Джульетта», «Спартак», «Аққулы көл» балеттерінің бас партияларын шетелдік өнер майталмандары орындайды. Maссимо Джордано, опера әншісі: - «Астана опера» театрына мен бірінші рет келіп отырмын. Барлығы өте керемет, маған ерекше ұнады. Ұйымдастыруы да жоғары деңгейде, адамдары да жайдары. Ал театрдың акустикасы тіптен ғажайып, ертегі десем де болады.

Әдемі әрі ауқымды. Әлемдік деңгейдегі опера театрларымен иық тірестіре алады деп толық сеніммен айта аламын. Абзал Мұхитдинов, «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі: - Ең соңында әншіміз Бейбігүл Төлегенованың кеші өтеді. Ол енді біз үшін – керемет шара.

24.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа