«Астана Опера» ғашықтар күні қарсаңында «Бәрі махаббат жайлы» атты концертке шақырады

11 ақпан 2015

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғашықтар күні қарсаңында,13 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Бәрі махаббат жайлы» атты концерт өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінесілтеме жасап,  www.24.kz хабарлайды.

Махаббат - шығармашылық адамдары - музыканттар, ақындар, суретшілер үшін берекелі тақырып. Олардың туындыларында қыруар сезім, сол сезімге тән қуаныш пен шаттықтан бастап, қызғаныш пен ызаға дейін кездеседі. Концерттің авторы Ирина Кургузкина бағдарламаға түрлі ғасырлар мен жанрлардың музыкалық шығармалары енгізілгенін атап өтті.

«Осы бір тамаша кеште тыңдарманға Ф. Лист, Р. Шуман, П. Чайковский, Г. Свиридов, А. Бабаджанян және Э. Григтің музыкасынан рахатқа бөленуді ұсынамыз. Концертте орындалатын туындылар әртүрлі тілде орындалады, алайда музыка аударманы қажет етпейді, ол онсыз да жүрекке жетімді», - дейді концертмейстер.

Тыңдарманға мереке сыйлап, оларды өздерімен бірге күліп, уайымдауға мәжбүр ететін «Астана Опера» театрының солистері: Айгүл Ниязова, Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Бейімбет Таңарықов, Нарұл Тойкенов (тенорлар), Жанат Шыбықпаев, Ескендір Әбжанов және Қазыбек Досмұхамбетов (баритондар), Артұр Қайыпқұлов (бас). Махаббат музыкасын сондай-ақ оркестр солистері Қаламқас Жұмабаева(скрипка) мен Станислав Омаров (кларнет) орындайды.

Концерт19:00-де басталады, билетбағасы1500 теңгені құрайды.

inform.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа