Біз туралы
«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 1981 жылы Республикалық қазақ халық аспаптары Мұражайының жанынан құрылған. Бастапқы кезден-ақ ансамбльдің негізгі міндеті - халық музыкасын дәріптеу болғанмен де, ансамбль мүшелері көне музыкалық аспаптардың шығу тарихымен де белсенді түрде айналысып жүр. Ансамбльдің өзіне тән ерекшелігі – бұл әрбір музыканттың бірнеше музыкалық аспаптарда ойнауында. Ансамбль аспаптары – бұл қазақтың халық аспаптары: сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шертер және тағы басқалар, сол сияқты, ежелгі ұмыт бола бастаған, ал қазіргі күні қайта жаңғырып келе жатқан аспаптар: адырна, сазген, нарқобыз және т.б.
«Сазген сазы» ансамблінің репертуары халық шығармаларынан, сол сияқты халықтық-кәсіпқой сазгерлер Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгірлердің туындыларынан тұрады. Репертуар әрдайым толықтырылып, жаңартылып отырады, мүзыканттар қай кезде де шығармашылық ізденіс үстінде.
«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өз тыңдармандарының құрметі мен алғысына тез қол жеткізді. Ансамбль мүшелері шет елдерге гастрольдік сапарларда үлкен жетістіктерге жетті, олар Швейцарияда, Югославияда, Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Германияда, Жапонияда, Кореяда, Голандияда, Италияда, Испанияда, Қытайда, Австрияда, Грецияда және Францияда өнер көрсетті.
Орындау шеберлігі жағынан ансамбльді жоғары дәрежелі мәдениеті, кәсіпқойлығы, көркемдік талғамы, халық аспаптарында ойнаудың дәстүрлі ерекшеліктерін жітік білуі ерекшелендіреді.
Ансамбль мүшелері этнографиялық сипаттамаларға сәйкес, қазақ ұлттық киім үлгілерімен тігілген костюмдерде өнер көрсетеді.