«Сазген сазы» – дәстүр мен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі
Осы ұлттық оркестрлерімізді біздер қаншалықты қадірлеп қастерлеп солардың ұшан теңіз еңбектерін дұрыс бағалап жүрміз.Ұлттық өнерімізбен халықты сусындатып жүрген өнер майталмандарын жанжақты зерттеп насихаттап жүрген бірен саран арнайы мамандары болмаса көпшілік халық үшін оркестрдің бәрі бір сияқты.
Мұқият тыңдаған адамға оркестрлердің орындауы мен орындаушысы ырғағы мен көңіл күйі, олардың кәсіби шеберлігі тақырыбы мен табиғаты сан қилы болып отыратынын бірден байқалады.Міне сондай ерекше оркестірлердің ішіндегі өте ықшамды да самдағай, кәсібилігіне шаң жуытпайтын ансамбль ол Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты Алматы әуендері ұжымының Фольклорлы этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі десем артық айтқандық емес.
Себебі өте алғыр музыканттар мен білімді де біліктілігі жоғары басшылардың бастауындағы осы ансамбль еліміздің абыройын асқақтатып әйт шу дегенде кез келген елге шауып барып ұлтымыздың ұлттық құндылығы, ұлттық музыкамызды ғана дәріптеп қоймай, кез келген елдің музыкалық шығармаларын орындағанда сол елдегі адамдардың өздері сүйсініп таңданыспен бастарын шайқағанына талай рет күә болғам. Бағдат Тілегеновтің сенімді серіктері Марат Жалбиров, Ықлас Нұрғалиевтардың және сол ұжымда бірнеше жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан виртуоз музыканттардың арқасында осы деңгейге жетіп ұлтымыздың мақтанышына айналып отырғанын айтпасқа болмас.
Мен отыз жылдан аса жақсы білетін бұл ансамбль тоқсанынышы жылдың аяғында Алматы облыстық филармониясы Алматы облысының орталығы Талдықорғанға көшкен кезде сол филармонияға қарасты «Сазген» фольклорлы этнографиялық ансамблінің мүшелері Талдықорғанға көшіп бара қоятын әлеуметтік жағдайлары келмеген соң жұмыстан шығып қалуға тура келді.
Әркім не кәсіп тапса сонымен айналысып, небір керемет музыканттар ешкімге керек болмай қалғанын көрдік. Шыны керек өмірлері музыкаға байланған өнер майталмандарының сансырап бос қалуы өзінеде отбасынада өте қиынға соқты. Сол сәтте Бағдат Тілегеновтың алғырлығымен сол керемет музыканттардың басын қосып, ұлттық киімдерін тауып кигізіп «Сазген сазы» деген кішігірім фольклорлы этнографиялық ансамбльді ұйымдастырды.
Басқа оркестрлермен, ансамбьлдерден «Сазген сазының» ерекшелілігі небір шетелдік шығармаларды бірден ойнап кететін музыканттардың білімділігі мен мықты қабылеттіліктерінде болды. Егеменділік енді ғана қолымызға тиіп ұлттық намыс жігеріміздің шабыты шалқып тұрған кезде бұндай ұлттық киіммен ұлттық музыканы сарнататын музыканттар некен саяқ болатын. Елім, жерім деген небір намысты жігіттер әртүрлі шараларға шақыртып, ұлттық киіммен ұлттық музыка шырқалып жатқаны кез келген шаралардың сәніне айналды. Басында тіпті той томалақтарға қызмет көрсетіп күнкөріс мәселесін шешіп жүргенде көзіқарақты музыка мен өнерді бағалай білетін азаматтар үлкен кездесулерде ұлттық музыканы жақсы меңгерген Сазген сазын арнайы шақыратын болды. Ансамбль мүшелерінің ұлттық киімдері мен репертуарлары және виртуоз музыканттардан құралған бұл ансамбль тек отандық тыңдаушы емес шетелдік меймандардыңда таңдайын қақтырғанына неше мәрте куә болдық. Кез келген тақырыпта кез келген шараға, артистердің жеке шығармашылық концерттеріне атсалысқанда небір варияциялар мен өңдеуді қосып ойнап жібергенде концерттік бағдарламалар тіпті жарқырап жайнап шыға келетін.
Өздеріңіз жақсы білетін Астанамыз Қазақстанның басты саяси және мәдени орталығына айналып қана қоймай, дүние жүзінің айтулы астаналарының біріне айналуына байланысты шет мемлекет басшыларының түрлі басқосулары, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері т.б. дүние жүзі көз тігетін халықаралық форумдардың өткізілуі, сондай-ақ Сарыарқаның төсін дүбірлеткен ұлы мерекелердің ешқайссы осы Сазген сазы фольклорлы этнографиялық ансамблісіз өткен емес. Астана – тәуелсіз Қазақстанның тарихи сәттілігінің айқын дәлелі. Адамға айрықша ішкі дүние, жоғары мәдениет, білім және тәрбие тән болуға тиіс. Мұның барлығы бала жастан тәрбиеленуі керек. Әрбір адам бойына ұлтына деген құрмет пен сүйіспеншілік рухын сіңіруі қажет. Бүгінгі таңда біздерге өз рухани болмысымен мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу керекпіз. Халықтың рухани, мәдени жандануына ұлттық музыка мен сусындата білетін кәсіби шеберлігі жоғары Сазген сазындай кәсіби ансамблдің тигізер ықпалдарының айрықша екенін естен шығармай еңбектерін бағалай білгеніміз абзал. Бағалай білмегенге-бақ қонбайды деген сөз бар, осындай ұлттық дүниені дәріптей білетін кез келген салаға қолдау көрсету бәріміздің парызымыз.
.jpg)




.jpg)




























