Әлемдік сахналардың саңлағы, скрипкашы Ержан Күлібаев Алматыда өнер көрсетеді

3 ақпан 2014

Әлемдік мәдениет сахнасында сұранысқа ие скрипкашылардың бірі, халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Күлібаев 5 ақпанда Алматыда «Қазақконцерт» сахнасында «Симфониялық концертке» қатысады.

Талантты отандасымыздың орындауында П. И. Чайковскийдің скрипкадан концерті өтеді. Бұл туынды композитор жазған шығармалардың шарықтау шегі саналады. Екінші бөлімде Сергей Рахманиновтың жауһарлары, № 2 ми минор симфониясы ұсынылады, дирижері - Абзал Мұхитдинов.

Концерттің екінші бөлігінде скрипкамен үндесетін кларнеттің орындауындағы, симфонияның үшінші бөлімінде шығыс әуеніне қанық, әсем туындылар ұсынылады.

Источник: inform.kz


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа