Қазақ-неміс мәдени ынтымақтастығы дамуда
Наурызмейрамын Германия да атап өтті.
Мереке қарсаңында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі Берлин қаласындағы Өнер университетінде концерттік бағдарлама қойды. Өнерпаздар халықтық және әлемдік 30-дан астам туындыны орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Кеш соңында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ мәдениетімен етене танысу мүмкіндігінеиеболды. Германияның қоғамдық-саяси және іскер топтары,Берлиннің муниципалдық мекемелерінің басшылығы қатысқан шарада Қазақстанның Германиядағы елшісі құттықтап,сөз сөйледі.
Нұрлан Онжанов, Қазақстанның Германиядағы елшісі:
- Қазақстанда туып-өсіп, кейіннен осында көшіп келген неміс азаматтарының барлығы рахметін айтып жатыр. Германияның төрінде атыраулық өнерпаздарды ыстық ықыласпен қабылдады.
Матиас Дорнфельдт, сарапшы:
- Атырау облысынан келген шығармашылық ұжымның қойған концертін жоғары бағалаймын. Бұл кештен жақсы әсер алдым. Әсіресе өнерпаздардың ұлттық аспапта ойнауы мені тәнті етті. Қазақ елі одан әрі дамып, гүлдене берсін.