Көшпелілер мәдениетінің әлемдік мұраға қосқан үлесі зор - Ф. Олланд

8 желтоқсан 2014

Көшпелілер мәдениетінің әлемдік мұраға қосқан үлесі зор. Бұл туралы бүгін Алматыда «Ғылым ордасы» РМК ғимаратында ғалымдар алдында сөйлеген сөзінде Франция Президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.

«Қазақстанда мәдениет ерекше мәнге ие. Жалпы, көшпелілер мәдениетінің әлемдік ортақ мұраға қосқан үлесі зор. Бұл жерде философия, поэзия, математика салаларын ерекше атап өтуге болады. Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанды. Ал ұлы ақын Абайды бүгінде мамандар Франция ақыны Виктор Гюгомен салыстырады. Сондықтан, Қазақстанның мәдениеті де Франция жерінде  таралуы тиіс. Қазақстанның мәдениеті - өте бай. Сондықтан, сіздер оны көздің қарашығындай сақтап, мақтан тұтуларыңыз керек», - деді Франсуа Олланд.

Сонымен қатар, Франция Президенті туризм мен спорт саласында да екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту керектігін айтты.

«Қазақстан туризм орталығына айналуы тиіс. Қазақстанның осы саланы дамытуда әлеуеті үлкен. Қазақтың еуропалықтарды тәнті ететін ұлан-ғайыр даласы, керемет тау сілемдері бар. Бұл Қазақстан үшін баға жетпес құндылықтар. Бұл жерде туристік инфрақұрылымдарды дамытуда француздық әріптестерге арқа сүйеуге болады. Сондай-ақ, Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге де үміт артып отыр. Бұлар - бүкіл елді ортақ іске жұмылдыра алатын маңызды жобалар. Біз бұл жерде де жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Франсуа Олланд.

inform.kz



Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа