Концерт Фольклорно-этнографического ансамбля «Сазген сазы»

31 мамыр 2022

Белгілі өнер ұжымы, көптеген халықаралық  және республикалық фестиваль-конкурстардың жүлдегері «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық  ансамблі  2022 жылдың 14 маусымында  сағат 19:00 де, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында «Ғасырлар сазы» атты жеке  концерті өтеді.

 

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың қолдауымен құрылған ансамбль отыз жылдан астам уақыттан бері қазақтың дәстүрлі ән-күйін,  көне  ұлттық музыкалық  аспаптарын жоғары деңгейде дәріптеп келеді. Өнер ұжымының сахналық киімі де ұлтымыздың қолөнері мен зергерлік өнерінің үздік үлгісі.

 

Концерттік  бағдарламада қазақ халық ән-күйлері және заманауи шығармалар, жаңа композициялар орындалады. Концертке ҚР Халық артисі Роза Рымбаева бастаған Тамара Асар, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Қосанова, Толқын Забирова  және  басқа  әншілер қатысады.


Біздің әуен

Қонақтар кітәбы

      Кіру

Біздің бейнетаспа